-5.05°C

All Stories

Тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау туралы мәселе пысықталуда

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің қызметкерлері елді цифрландыруға арналған бюджет қаражатының шығыстарын талдады. Соңғы 8 жылда 578 ақпараттық жүйе әзірленіп, оған жүздеген млрд теңге жұмсалды. Олардың үштен бірі ғана жұмыс істейді деп танылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте қызмет басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді.

Әзірлеушілердің отандық нарығы IT-жүйелерді әзірлеуге тапсырыстардың 50%-дан астамын алған бес квазимемлекеттік компанияның қолында шоғырланған. Осы және басқа да фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен қылмыстардың алдын алу үшін өте маңызды. Осы талдаудың қорытындысы ұсынымдар түрінде уәкілетті органға және тиісті ұйымдарға жіберілді. Тағы бір маңызды бағыт – ақылы тұрақ. Биыл «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС қызметіне мониторинг жүргізілді. Азаматтық қоғаммен және атқарушы органмен бірлесе жүргізілген талдау нәтижесінде Астанада қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін және белгілі бір санаттағы азаматтардың құқықтарын шектейтін сәттер анықталды: тұрақ ақысы негізсіз алынып, адамдар оларды төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі таңда Агенттіктің ұсынымдарын АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті мен прокуратура қолдады. Қазір тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау мәселесі пысықталуда», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Келтірілген залал 6 млрд теңге. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ӘКК-нің жерлерді ұтымсыз пайдаланғаны туралы айтып берді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ менеджментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі талдау жүргізді. Қызмет басшысы Саян Ахметжановтың айтуынша, бұл өте маңызды сала. Соңғы 5 жылда бұл салада 139 қылмыстық іс тіркелді.

«Атап айтқанда, теміржол вагондарын бергені үшін пара алу фактілері расталды. ҚТЖ айына орта есеппен 400 мыңға жуық жүк тиелген вагон беретінін ескерсек, заңсыз сыйақы сомасы бірнеше млрд теңгеге жетуі мүмкін. Алдын ала тергеу органдары өз жұмысын бастады, ол қолданыстағы заң аясында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар біз жыл бойы көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін факторларды талдадық. Саланы автоматтандырудың жеткіліксіздігі, бюджетті жоспарлаудың жетілдірілмеуі, бизнес-процестерді нормативтік реттеудің жеткіліксіздігі жағдайлары анықталды. Нәтижесінде 100-ге жуық ұсыным әзірленді, олар қазір Үкіметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәкілетті органдарының қарауында.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін сыртқы талдау циклі аяқталды. Олардың мақсаттары әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған, бірақ корпорациялардың қызметі әкімдіктен жер учаскелерін алуға бағытталған кезде жекелеген фактілер анықталды, олар кейіннен бизнес субъектілеріне тұрғын үйлер, мейрамханалар, автокөлік жуу орындары және басқа да объектілер салу үшін берілген. Активтерді тиімсіз пайдалану үлестес тұлғаларға активтерді сату арқылы мемлекетке 6 млрд теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқтырды. Өңірлердегі бұл фактілер анықталып, одан әрі шаралар қабылдау үшін үкімет басшылығына жолданды», - деді спикер. 


Сондай-ақ Ахметжанов сыбайлас жемқорлық превенциясы ел қызметінің барлық салаларында болып жатқан процестердің ағымдағы мониторингі шараларына негізделгенін еске салды. Алдағы уақытта да осы мониторинг негізінде, халықтың, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің өтініштерін талдау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірлескен сыртқы талдау негізінде осы жағдайлардың алдын алу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылданады.

Қырғызстанда Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ош мемлекеттік университетінің негізінде филиалын ашты. Онда ЕҰУ мамандардың сапалы даярлығын қамтамасыз етіп, халықаралық ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытады. Ұлттық университет 2024 жылдың соңына дейін шетелде тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр.

Ресми ашылу рәсіміне ЕҰУ-нің ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева, Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожобеков, Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы консулы Мұхтар Кәрібай, оқытушылар мен студенттер қатысты.

«ЕҰУ филиалының ашылуы біздің елдер арасындағы достық пен тату көршіліктің, білім және ғылыммен қатар барлық салада ынтымақтастықты арттыруға өзара ұмтылыстың арқасында мүмкін болып отыр. Кадрларды доғары сапада даярлау, нәтижелі ғылым, бәсекеге қабілетті патриот жастар бауырлас халықтарымыздың, жалпы өңірдің болашағы үшін университеттердің елеулі үлесі айнала алады. Филиал Қазақстан мен Қырғызстанның ең дарынды студенттері мен ғалымдарын тартады деп үміттенемін», – деп атап өтті ЕҰУ проректоры Жанна Құрманғалиева.

Бүгінде ЕҰУ филиалында 30-ға жуық студент білім алуда. Олар ағашқы екі курсты Ош қаласында, кейінгі екі жылда Қазақстанда таңдаған кәсіптерін меңгереді. Оқу бағдарламасы аясында қырғыз жастары қазақ тілін меңгеруде.

ЕҰУ ғылыми-білім беру жобалар, академиялық ұтқырлық бағдарламалар, бірлескен білім беру бағдарламалары, шетелдік мамандарды тарту бойынша қырғыз әріптестерімен бірлесе белсенді жұмыс жүргізеді.

Биылғы оқу жылында университеттің «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғызстаннан 46 студент білім алуда.

Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлем бойынша 12 орталығы мен өкілдігі бар. Сондай-ақ ұлттық университет 450-ден астам жетекші шетелдік университеттермен халықаралық ынтымақтастық орнатқан.

Please make sure that AcyMailing is installed and activated.

Image
Біз әлеуметтік желілерде

About Us

Біздің мобильдік қосымшамызды жүктеп ал

Image
Image