Қазақстан бокстан ӘЧ-2022-де екінші "алтынды" жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Амманда (Иордания)өтіп жатқан бокстан Азия-2022 чемпионатының алтын медалін жеңіп алды
Финалда Қазақстан Таиланд өкілі Джутамас Джитпонгпен кездесті. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0) Шекербекованың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Жайна Шекербекова Қазақстанға турнирдің екінші "алтынын" әкелді. Бірінші алтын медаль иегері Алуа Балқыбекова (48 кг)болды