-5.05°C

Карина Ибрагимова Әлем чемпионаты-2022 барысында Қазақстан еншісіне үшінші медаль алып келді

Бүгін Стамбулда (Түркия) әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жек өтті

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда Ирландиядан келген Микаэла Уолшпен кездесті. Карина Ибрагимова төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жартылай финалға Қазақстан өкілдері Алуа Балкибекова мен Жайна Шекербекова қатысқан болатын.

Please make sure that AcyMailing is installed and activated.

Image
Біз әлеуметтік желілерде

About Us

Біздің мобильдік қосымшамызды жүктеп ал

Image
Image